Культура

Скриптониттің концертінен дау шықты: бір әйелдің бетіне бөтелке тиіп кеткен (ВИДЕО)

Вьетнамда тұратын дәрігер-нутрициолог Марья Гусева қазақстандық әнші Скриптониттің Пхукеттегі концерті кезінде гитарашы құрбысының бетіне бөтелке лақтырып жібергенін жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Зардап шеккен әйел осы концерттің билетін 3000 батқа (45 мың теңгеге) сатып алған көрінеді.

«Концерттің ортасында гитарашының лақтырған бөтелкесі менің құрбымның бетіне тиді. Бұл үшін ешкім кешірім де сұраған жоқ», — деп жазған Марья Гусева.

Ал, бейнежазбадағы әйелдің өзі болса беті ауырып тұрғанын айтып, ашуға булыққан.

«Мен қазір концерттемін, үзіліс жарияланды. Бірақ, мен үйге кетіп барамын. Өйткені, сахнада тұрғандар бетіме бөтелке лақтырып, ауыртып жіберді. Егер бөтелкені кімге қарай лақтырып жатқанын көрінбесе, неменеге су лақтырасыңдар? Ол суды ешкім ұстап алған жоқ, менің бетіме тиді», — дейді әйел.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше жыл бұрын атақты боксшы Геннадий Головкин алдағы жекпе-жектерінің бірінде Скриптонит өнер көрсеткенін қалаймын деген еді. 

Другие новости

Back to top button