Туркестанская область

Шығын – 26 млн теңге: Шардарада мектеп мұғалімдерінің жалақысын ұрлаған адам сотталды

Ол 76 мұғалімге шығын келтірген

Шымкенттік тұрғын Шардара ауданында бес мектептің мұғалімдерінің жалақысын жасырын ұрлап келген. Келтірілген шығын көлемі – 26 млн теңге. Бүгінде күдікті қолға түсіп, кінәлі деп танылды. Оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайды.

Шымкенттік тұрғын Шардара ауданының мұғалімдерінің жалақысын ұрлап келген. Нақтырақ айтқанда, интернет арқылы ұрлық жасап, 76 мұғалімге 26 млн теңге шығын келтірген. 1С бухгалтерлік бағдарламасын меңгерген күдікті қомақты қаржыны өз есепшотына аударған. Ал түскен ақшаны ойынханаларға жаратып жіберген екен.

Дегенмен, ол қаражат есепшотына түскен соң күдікке ілініп, Алматы қаласында қолға түсті. Тінту кезінде қалтасынан 1,5 млн теңгеге жуық қаржы табылған. Сонымен қатар, күдіктінің анасы «балам берген еді деп» 1 млн 300 мың теңгені полицияға әкеліп беріпті. Қалған қаражаттың басым бөлігін казиноларға жаратқан көрінеді.

«Ал күдіктінің өзі 188-баптың 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған нақты 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қазіргі таңда сот үкімі күшіне енген жоқ. Сонымен жалпы 12 млн теңге ысырап етуге дер кезінде қолданылған шара арқылы тоқтатылды. Қазіргі таңда ол қаржылардың барлығы мемлекет кірісіне қабылданды», — деді Шардара ауданының прокуроры Руслан Әбдірайымов.

Бүгінде мұғалімдерге жалақысы ішінара қайтарылған. Ал қалған сома күдіктіден қосымша өндіріледі.

 

Другие новости

Back to top button