Абайская область

Семейде тергеуші 14 жастағы қыздың жалаңаш фотосын жариялаған

Семейде тергеуші зорлықтың құрбаны болған жасөспірім қыздың жалаңаш фотосын мессенджерде жариялаған. Осыған орай қыздың ағасы әділдік іздеп жүр деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Былтыр желтоқсанда 14 жастағы қыз 18 жастағы жігіттің арбауына түсіп қалған. Қызды бақытты етуге уәде еткен бозбала арам ойын жүзеге асырған соң, қызды әжуа еткен. Жәбірленушінің айтуынша, қызға ішімдік ішкізіп, киімсіз фотоға түсірген.

«Қарындасым басында шындықты жасырды. Кейін жігіттің берген түсініктемесін көрген соң болған оқиғаны айтып берді. 14 жастамын дегеніне қарамай, қарындасыма шарап ішкізіп, мас етіп, ойына келгенін істеген. Жалаңаш фотоға түсірген. Полиция тергеушісі Ақерке Сәкенова қарындасыммен сондай дөрекі сөйлесті. Біздің адвокатымыз тергеушінің қылығын көріп, көзбе-көз беттестірмеді. Тергеуші Ақерке Сәкенова дөрекілігімен қоймай, ватсап желісіндегі статусына қарындасымның жалаңаш фотоларын жариялаған», — дейді Талғат Омаров (аты-жөні өзгертілген).

Бұл оқиғадан соң жасөспірім қыз суицид жасамақ болған. Абырой болғанда ағасы көріп, құтқарып қалыпты.

«Бізден хаттамамен алған ұялы телефондағы фотолардың бәрін жариялаған. Оны туыстарымның бәрі көрген. Тергеушінің жариялаған фотосынан скриншот жасап алдық. Мен тергеуші Ақерке Сәкеноваға хабарласып: «Неге бұлай істейсіз? Фотоларды жариялауға сіздің хақыңыз жоқ. Мен ертең прокуратураға барамын» дедім. Ақерке Сәкенова маған «Мне плевать, иди куда хочешь» деді де трубканы лақтыра салды», — дейді Талғат Омарова.

Оның айтуынша, тергеуші жасөспірім қыздың ұялы телефонындағы қылмыстық іске қатысты біраз ақпаратты еш рұқсатсыз өшіріп тастаған. Жәбірленуші тарап тергеуші әділ жазасын алсын дейді. Ал полиция департаментінің айтуынша, қызметкерге қатысты тергеу жүріп жатыр.

«Абай облыстық полиция департаменті қазіргі уақытта тиісті тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Қызметтік тергеу нәтижесі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын полиция қызметкерінің іс-әрекетіне түбегейлі баға беріледі», — деп хабарлады Семей облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қылмыстық іс бойынша бірқатар қажетті сот сараптамасы тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру және жүргізіліп жатқан тексеру барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында болады», — деді ведомство өкілдері.

Другие новости

Back to top button