Социум

Сауд Арабиясының танымал дипломаты Мысырда сөз сөйлеп жатып қайтыс болып кетті(ВИДЕО)

Дәрігерлер дипломатқа жедел көмек көрсеткенімен, оны аман алып қала алмаған

Сауд Арабиясының белгілі дипломаты Мохаммад әл-Кахтани Мысырдағы араб-африкалық конференциясында сөз сөйлеп жатқан кезінде кенеттен қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Tahiamasr.com агенттігінің хабарлауынша, дипломат Каирдегі шекарашылар үйінде сөз сөйлеп жатқанда есінен танып қалған. Дәрігерлер дипломатқа жедел көмек көрсеткенімен, оны аман алып қала алмаған.

Мұхаммед әл-Кахтанидің өліміне не себеп болғаны айтылған жоқ. Ол «Раббысын таза жүрекпен жолықтырғандардан басқа ешкімге лауазым да, қадір де берілмейді» деген сөзді айтып болған сәтте құлап түскен.

Әл-Кахтани өз сөзінде Мысыр, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктерінің президенттері мен әміршілері туралы сөз қозғап, Сауд Арабиясының королі Салман бен Абдулазиз әл Саудты «ұлы адам» деп атаған және оның кезінде ел бірде-бір терроризм мен басқа да проблемалар туралы естімегенін тілге тиек еткен.

Конференция жалған ақша жасаумен күрес ұйымының мұрындық болуымен өтіп жатқан. Дипломаттың қайтыс болуына байланысты іс-шара тоқтатылды.

Другие новости

Back to top button