Госорганы

Роман Скляр ЖЭО-ларды мемлекетке қайтару туралы: Шешім аудиттен кейін қабылданады

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр проблемалық ЖЭО-ларды мемлекетке қайтару мүмкіндігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шынымен де, өздеріңіз білетіндей, Екібастұз ЖЭО иелері оны бір теңгеге қайтарып беруді ұсынды. Бірақ біз оны қандай күйде қайтарғысы келетінін түсінуіміз керек. Олар қағазда көрсеткен бүкіл қаражат басқа жаққа емес, осы ЖЭО-ға жұмсалды ма? Соның бәріне мұқият аудит жасау қажет. Келесі жылдың бірінші тоқсанында аудит жүргіземіз, содан кейін қайтару жөнінде шешім қабылдаймыз», — деді Роман Скляр Үкімет отырысынан кейін өткен брифингіде.

Сондай-ақ ол Риддердегі жағдайға тоқталды.

 

«Екібастұзда апат ЖЭО-да емес, жылу желілерінде болған. ЖЭО қазір қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, ал Риддерде ЖЭО толығымен тоқтап қалған еді. Қысқа дайындық мүлдем жүргізілмеген. Қағазда бар жөндеу жұмыстары іс жүзінде жасалған жоқ. Сондықтан қазір мұндай нысандар бойынша мұқият тексеру жүріп жатыр – министрлік олардың жұмыс істеуі үшін шара қабылдайды. Немесе мұны олардың иесі жасайды. Не оларды коммуналдық, республикалық меншікке беру жөнінде шешім қабылданады. Оның формасы, қалай өтетіні сәл кейінірек шешіледі», — депді вице-премьер.

 

Другие новости

Back to top button