Кызылординская область

Қызылордада дүкенге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды

Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды

31 қазан күні қала орталығындағы азық-түлік дүкенінен ұрлық жасағаны үшін күдікті ұсталды. Ол дүкеннің есігін бұзып кіріп, Samsung ұялы телефоны мен темекі өнімдерін ұрлаған,деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ұсталған ер адам Шымкент қаласының 31 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Другие новости

Back to top button