Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында 410 жүк көлігі кезекте тұр
Ведомство ақпараты бойынша, өткен тәулікте «Ақ-тілек-автодорожный» өткізу пункті арқылы Қырғызстаннан Қазақстанға жеңіл көлік пен Кант цемент зауыты өнімін тиеген жүк көліктерін есептемегенде 297 жүк көлігі кірген.
«Ақ-тілек-автодорожный» ӨБП өткізу қабілетін арттыру шаралары қабылданып жатқанына қарамастан жүк көліктері жиналып қалған.
2023 жылдың 23 қазаны 12:00-дегі жағдай бойынша, Қырғызстаннан шығу үшін «Ақ-тілек-автодорожный» ӨБП алдында 410 жүк көлігі кептеліп тұр.
Жүк көліктерінің бұлайша жиналып қалуы маусымдық жағдай екені және Қырғыз Республикасынан ауылшаруашылық өнімдері, халық тұтынатын тауарлар экспортының артуына байланысты болатыны айтылған.
Қырғыз және Қазақстан Республикасының Шекара қызметі жүк көліктеріне шектеу енгізілмегенін атап өтті. Қырғыз-қазақ мемлекеттік шекарасындағы барлық өткізу пунктері қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.