Менің балам (Ұл мен қыз)

Құрсақтағы сәбидің жынысын түрлі ырым арқылы қалай білуге болады

Көптеген жұп бүгінде УДЗ арқылы болашақ сәбиінің жынысын алдын ала біліп жатады. Алайда қазіргі таңда мамандар құрсақтағы сәбидің жынысын түрлі ырымдар арқылы да білуге болады дейді. Осындай ырымдардың кейбірімен KAZ.NUR.KZ-тің бүгінгі материалынан таныс бола аласыздар.

Құрсақтағы сәбидің ұл болуына қатысты ырымдар

Ертеректе ата-бабаларымызда баланың жынысын анықтауға үшін қандай да бір құрылғыны пайдаланбаған. Сондықтан олар халық ырымдарына сенген.

Мысалы: Әйел адам өмірге ұл әкелетін болса, ол ажарлана түскен. Әйел адамның тағамға деген талғамының өзгеруі. Әйел адамның өзін сезінуі. Болашақ ана көретін түс. Бұл туралы Р. Чайкина «Нәрестенің дүниеге келгенге дейін жынысын анықтау. Ұл немесе қыз» деген еңбегінде жазған.

Әйелдердің сыртқы келбетінің өзгеруі

Құрсағында ұл көтеріп жүрген аналардың шаштары бұйраланып, беті тазаруы мүмкін. Мұның барлығы – әйел адамның бойындағы гормоналдық өзгерістердің әсері болып саналады. Сонымен бірге ұл баланы дүниеге әкелетін аналардың мұрны сүйірленіп, бет терісі құрғақ әрі сезімтал болуы мүмкін. Сонымен бірге әйелдердің кімді дүниеге әкелетінін олардың іш формасына қарап та білген. Құрсағында ұл көтеріп жүрген аналардың іштері сопақ, алдыға шығып тұратын әрі төмен түсіп тұратын болады. Бұған қоса өмірге ұл баланы әкелетін аналардың жүріс-тұрысы да өзгереді екен.

Олар «үйрек» тәрізді жүріске көшетін көрінеді.

Ұл балаға жүкті келіншек нені ұнатады?

Барлық болашақ аналарда жүктілік кезінде тағамға деген талғамы өзгереді. Егер бұған дейін әйел адам тәттіні жақсы көріп, ал қазір ет және балық тағамдарына көңілі ауса, онда ол ұл баланы дүниеге әкеледі деген сөз. Сонымен бірге құрсағында ұл баланы көтерген аналар қышқыл, ашты тағамдарға әуес болады.

Мысалы тұздалған орамжапырақ, қияр мен қызанақ, ащы зімбір немесе консервіленген көкөністер. Ұл күтіп жүрген аналардың көңіл-күйі қалай болады Ұл баланы күтіп жүрген болашақ аналардың көңіл-күйі көп жағдайда құбылмалы болады және бұл өзгерістер көбінесе жақсы жағына бола бермейді.

Мысалы: Бас ауру, бас сақинасының ұстауы

Бейқам өмір сүру, айналасында болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарау

Аяқтың табандары үнемі мұздап тұрады немесе аяқ бұлшықеттері жиі тартылады

Денесінде бұрын қылтық шықпаған жерлерде қылтық талшықтары пайда болады.

Сонымен бірге «Жүктілік – бойға ұрық бітуден босанғанға дейін» кітабының авторы Екатерина Свирская ұл бала іште ертерек тебе бастайнын әрі анасы тебуді үнемі оң жағында сезетінін жазған. Әйелдер ұл баланы күткенде қандай түс көреді Әйел адамдар ұл баланы күткенде түрлі түс те көруі мүмкін.

Мысалы: Түс көрушінің жаны ер адамның денесіне ауысқанды көрсе Түсінде қыз көрсе де, өңінде ұл әкелуі мүмкін.

Қыз бала дүниеге келетініне байланысты ырымдар

Сыртқы келбеті қалай өзгереді

Халық арасында қыз балаға аяғы ауыр жүкті әйелдердің сыртқы келбеті өзгеріп, бұрынғы ажарынан айырылып қалады деп жатады.

Халық мұны әйел адам өзінің сұлулығын қызына береді деп есептейді. Сондай-ақ: Әйел адамның бетінде бөрткендер пайда болуы мүмкін Бетте сепкілдер пайда болып, бет терісі құрғақтықтан өздігінен түсе бастайды. Сонымен бірге әйел адамның шашы көп әрі жиі түссе, онда дүниеге қыз бала келеді деген ырым бар. Құрсағына қыз бала біткен әйелдердің іші әдетте домалақ келеді. Сәби жоғары жатады және төмен қарай тек босанар уақытта ғана түседі. Кейде қыз балалардың анасының іші үлкен болуы мүмкін. Бұл сәби артық салмақпен туады деген сөз емес, көп жағдайда болашақ ананың мұндай іші іште судың көп болуынан және жатыр плацентасынан болуы мүмкін. Сонымен бірге әйел адамдардың төс мөлшері де өзгереді.

Әсіресе әйел адамның сол жақ омырауы өсіп, төс ұшының түсі өзгермейді. Сондай-ақ әйел адамның беті мен денесі де ісуі мүмкін. Болашақ ананың жүріс-тұрысы өзгеріп, оның бойында әйел адамға тән сұлулық пайда болады. Сондай-ақ жүкті әйелге екі қолын «алға шығар» деп айтып көріңіз.

Егер алақандарын жайып, оны жоғары қаратса, демек отбасыңызға қыз бала дүниеге келеді деген сөз.

Қыз балалалардың аналараның тағамға деген талғамы өзгере ме

Қыз баланы дүниеге әкелетін аналар: Торт пен бәліш Қара нан, тоқаш Шокодад, кәмпит пен балмұздақты көп жейді Ел арасында сонымен бірге мұндайда болашақ аналар нанның қыртысынан басқа жерін жейді дейді. Бұл оның қыз күтіп жүргендігінің нақты дәлелі болуы мүмкін. Қыз баланы өмірге әкелетін қыз-келіншектер әсіресе артық салмақ қосып жатады. Өмірге қыз баланы әкелетін аналарда жүрек айну жиі болады. Қыз балаға аяғы ауыр аналар қандай түс көреді Егер жүкті әйел түсінде ұл босанғанын көрсе, онда ол қыз баланы дүниеге әкеледі.

Сол сияқты түсінде айнаның алдында сәнденіп жатса, қыз баланы босанады деген сөз, дейді түс жорушылар. Сондай-ақ жүктілік кезінде оның алдындағы балалардың қылықтарын да бақылаған жөн. Егер ұлыңыз сізді жақсы көріп, ішіңіздегі сәбиді қорғап, ол туралы үнемі сұрайтын болса, қыз күтіңіз. Сонымен қатар жүкті әйелдер өмірге қыз бала әкелерде, күйеулерінің мінезі жұмсаратынын байқаған.

Бұл турады Ольга Белякова өзінің «Байлық, дәулет пен таныс, ақша тартатын халық ырымдары» кітабының «Жүктілік ырымдары» бөлімінде жазған. Сол себепті екіқабат кезде әйел адамдар өздерінің сыртқы келбеті мен балалардың қылықтарына, өз талғамына мән берген жөн. Олардың басым көпшілігі УЗИ нәтижерімен бірдей болады.

Другие новости

Back to top button