Ақша

ҚР Ұлттық банкі базалық ставканы 14,5-тен 16 пайызға бір-ақ көтерді

Биыл қыркүйекте жылдық инфляция болжанған көрсеткіштен айтарлықтай ауытқып, 17,7% құраған

ҚР Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені 14,5-тен жылдық 16%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Azatyyq Ruhy.

Өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 17%, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме – 15% болады.

«Шешім мөлшерлеме траекториясын түзетеді, ол алдыңғы шешімдер мен коммуникациялар бойынша айқындалған бағыт пен қарқынды сақтайды. Мөлшерлеменің артуы өсіп отырған инфляциялық қысымды көрсететін факторлардың жиынтығына байланысты. Қыркүйек айының нәтижесі бойынша инфляция болжамнан айтарлықтай асып түсті», — деп түсіндірді ҚР Ұлттық банкі.

Шешім қабылдауға негізгі факторлар жоғары инфляциялық күтулер, орнықты сұраныс, фискалдық серпін, тұрақты тауар жеткізу жолдарына қайта бағыттауға байланысты өндіріс шығыстарының өсуі, сыртқы инфляцияның жалғасып отырған әсері, оның ішінде сақталып отырған Ресей рублі бағамының күшеюі болды.

«Жоғарылаған инфляциялық күтулер баға мен тұтынуға қысым жасайды. Мұның бәрі 2023 жылы инфляциялық процестердің бақылануын сақтау үшін барынша қатаң ақша-кредит талаптарын қажет етеді»,- делінген ҚР Ұлттық банк хабарламасында. 

«Инфляциялық күтулердің артуы баға мен тұтынушылық мінез-құлыққа қысым жасайды. Мұның бәрі 2023 жылы инфляциялық процестерді бақылауды сақтау үшін қатаң ақша-несие шарттарын талап етеді», – делінген хабарламада.

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені көтерудің әсері экономика субъектілерінің жинақтау белсенділігіне қолдау көрсетіп, ішкі валюта нарығындағы теңгерімге ықпал ете отырып, 1-2 жылда артта қалумен көрінетінін атап өтті.

 

Другие новости

Back to top button