Костанайская область

Қостанайда қайтыс болған 5 жасар қыздың отбасына материалдық көмек көрсетіледі

Облыс басшысы аудан әкіміне арнайы тапсырма берді

Қостанайда қайтыс болған 5 жасар қыздың отбасына материалдық көмек көрсетіледі. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мәдина Ерланқызының отбасы мен туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Бұл тек олар үшін ғана емес, бүкіл өңір үшін орны толмас қайғы. Біз бәріміз бала тірі және аман-есен табылады деп үміттенген едік. Өкінішке қарай, олай болмады», — деп жазды облыс басшысы.

Әкім іздеу жұмыстарына белсене қатысқан волонтерларға, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және облыс тұрғындарына алғыс білдірді.

«Қостанай ауданының әкіміне жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмектесу, материалдық көмек көрсету бойынша тапсырма берді», — деді әкім.

Другие новости

Back to top button