Госорганы

Ауыл қорғаны: Алматы облысында үш қызмет біріктірілген алғашқы бекет ашылды

Алматы облысында Іле ауданының Нұрғиса Тілендиев ауылында үш жедел қызметтің шоғырланған алғашқы «Ауыл қорғаны» бекеті ашылды. Жоба полиция, өрт сөндіру бөлімшесі мен жедел медициналық жәрдем қызметін бір ғимаратқа орналастыруға бағытталған.

Ауыл қорғаны бекетінің мақсаты: шұғыл көмек пен қоғамдық тәртіпті күшейту

Жаңа формат оқиға орнына жету уақытын қысқарту және тұрғындарға жедел көмек көрсетуді қамтамасыз ету үшін енгізілді. Полиция қызметкерлерінің тұрақты болуы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюға ықпал етеді.

Үш қызметтің бір орталыққа бірігуі ведомствоаралық өзара әрекеттестікті нығайтып, ауылдық жерде қауіпсіздіктің жаңа моделін қалыптастыруға мүмкіндік береді, — деп атап өтті Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев.

Ауыл қорғаны бекетіне берілген техника және қаржыландыру

Жоба облыс әкімінің қолдауымен және жеке инвесторлардың қаржыландыруымен жүзеге асырылды. Бастаманың іске қосылуына Қараой ауылдық округінің шамамен 20 мыңға жуық тұрғыны санының өсуі де себеп болды.

Жаңа бекеттің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында келесі автокөліктер табысталды:

  • Hyundai Staria — жедел медициналық жәрдем қызметіне;
  • Kia Sorento — полицияның патрульдік автокөлігі ретінде.

Мейрам Әбікеевтің сөзіне сүйенсек, жоба тұрғындардың қай жерде тұрса да уақытылы көмек алуын және өздерін қауіпсіз сезінуін қамтамасыз етуге бағытталған.

gov.kz

Другие новости

Back to top button