Алматинская область

«Қорқытып, бопсалаған»: Алматы облысында қыздарын зорлаған ер адаммен тұрғандар мән-жайды айтты

Алматы облысында қыздарын зорлады деп күдікке ілінген ер адамның бұрынғы әйелді оқиғаның мән-жайын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Алматы облысында ер адам екі қызын зорлаған деп айыпталуда.

Қыздардың анасы көп уақытқа дейін балаларының болашағына алаңдап, мұны ашып айта алмаған.

«Бұл туралы кіші қызым шілде айында айтты. Қасыма келіп, жылады. «Не болды? Неге жылайсың?» десем, «анашым, әкем мені азғындады» дейді. Басында сене алмады. «Қалай? Бұл қалай болуы мүмкін?» деп сұрақтың астына алдым”, – дейді жәбірленулердің анасы.

Әңгімеге үлкен қызы да қосылып, бар шындықты айтқан.

«11 жасымда болды» дейді. «Неге маған бұл туралы айтпадың?» десем, “қорықтым, ол мені бопсалады” деді. Егер білсем, мұны жауапсыз қалдырмас едім”, – деді ана.

Әйелдің айтуынша, күйеуі беделді, айналасы ол туралы тек жақсы пікірде. Бірақ үйде жаман қылықтың бәрін көрсететінін айтады.
«Оның есі дұрыс емес. Ұрып-соғатын. Қыздарым да, мен де көгеріп жүрген кездер болды», – деді ол.

Осыған дейін онымен 14 жыл бірге тұрған күдіктінің бұрынғы әйелі де ол туралы айтты.
«Зорлық-зомбылық пен қысым көрсетіп, үнемі соққыға жығатын. Мен оның отбасына түсіністікпен қараймын, өйткені оны өзім бастан өткердім. МОларға мұның бәрін мойындау немесе біреуден көмек сұрау қаншалықты қиын болғанын білемін. Өйткені бұл адамдар сот пен тергеусіз құтылып кетер еді», – деді күдіктінің экс-жұбайы.

«Зорлау» бабы бойынша іс басталған. Сараптама тағайындалды.

«Тергеу объективті түрде жүзеге асырылады. Тергеу органдардың басшылығы ғана емес, сонымен қатар іс жүргізу әрекеттерін бақылаудың үш буынды жүйесі де бақылайды”, – деді ІІМ бірінші орынбасары Марат Қожаев.

Депутаттар кінәлі адамның қатаң жазалануын талап етті.

«Ең бастысы – қыздардың құқықтары. Бұл тек физикалық емес, моральдық қорлау, ар-намысын қорлау. Қылмыс дәлелденсе, ол жазалануы керек», – деді Парламент Мәжілісінің депутаты Марат Башимов.

«Әрине, бұл қатаң жаза болуы керек. Бұл үшін өлім жазасы болғанын қалаймын. Бірақ азаматтардың отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы заңға қалай қарағанын білеміз. Артқа шегініп, оны қабылдамау үлкен қателік болды. Егер заң қабылданғанда, қазір болып жатқан көп нәрсе болмас еді», – деді депутат Ирина Смирнова.

Күдіктіні тұтқынға алу уақыты екі айға ұзартылды.

Другие новости

Back to top button