ГлавноеГосорганы

«Қора-жайын, моншасын салып бермейміз»: Өнеркәсіп және құрылыс министрі басты міндет баспанамен қамтамасыз ету екенін айтты

Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су шайып кеткен қора-жайларды қалпына келтіруге қаражат қарастырылмағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Министрдің сөзінше, төтенше жағдай туралы заң бойынша біз тек баспанамен қамтамасыз етеміз. Бірақ қазір өтемақы төлеп жатырмыз, 100 АЕК бөлінген. Үй алдында құрылыс, қораларды қайта тұрғызбаймыз. Себебі біздің ең басты мақсат – баспанамен қамтамасыз ету. Оны түсіну керек. Көп адам үйсіз қалды. Бізге ресурсымызды қораға, басқа нәрсеге жұмсауға болмайды”, – деді Қанат Шарлапаев.

Сонымен қатар құрылыс министрі саяжайлары су астында қалған адамдардың қалада қосымша пәтері болса ол қалпына келтірілмейтінін атап өтті.

“Су астында қалған саяжай мен саяжайға жататын үйлер иесінің жалғыз баспанасы болса мемлекеттен қолдау қарастырылған. Бірақ егер саяжай тасқын қаупі үнемі төнетін жерде орналасса келесіде ол жерге ештеңе салмауымыз керек. Сондай жағдайлар болған, 2022 жылы су тасқынының астында қалып, өтемақы алған, 2024 жылы тағы да мемлекеттен алғысы келеді. Біздің пікірімізше, адамдар тасқын маңында тұруды қаласа, оған қоса қалада пәтері болса оларға жыл сайын өтемақы беру шынында баспанасынан айырылған адамдарға қатысты әділетсіздік болар еді”, – деп атап өтті өнеркәсіп және құрылыс министрі.

Другие новости

Back to top button