Образование
ҚазҰУ Қонаевқа көшіріле ме – Ғылым және жоғары білім министрлігі жауап берді

Ғылым және жоғары білім министрлігі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қонаевқа көшірілуі қаншалықты мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрліктің мәлімдеуінше, бұл ЖОО ешқайда көшірілмейді
«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қонаев қаласына көшірілмейді. Керісінше, қазіргі уақытта ҚазҰУ қалашығының құрылысының екінші кезеңі басталды. ҚазҰУ-ға қатысты жұртшылықты алаңдатуға негіз жоқ», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, қазақстандық төрт жоғары оқу орны Қонаевқа көшетіні айтылды. Министрліктің мәлімдеуінше, төрт ЖОО келісім берді.