Образование

ҚазҰУ фонтанындағы өлім: сот-медициналық сараптамасы әлі дайын емес

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыдағы ҚазҰУ аумағындағы фонтанда қаза болған жасөспірімнің өліміне қатысты тергеу қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министр не деді?

Саясат Нұрбектің айтуынша, ҚазҰУ фонтанында қаза тапқан жасөспірімнің ісімен Алматы қаласы Бостандық полиция департаменті айналысып жатыр.

“Бұл мәселені ұмытқан жоқпыз, бірақ сот медиицналық сараптаманың қорытындысын күтуге мәжбүрміз. Ресми түрде ақпарат береміз», — деді ол.

Журналистер министрден сот-медициналық сараптама қорытындысы неге әлі дайын емес екенін сұрады.

“Айта алмаймын”, — деп жауап берді ол.

Министрдің сөзінше, фонтан қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

«Барлық техникалық ақауларды екі рет тексердік, фонтанның өзінде ақау жоқ», — деді ол.

Оқиға қалай болды?

20 маусымда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағындағы субұрқақтың жанынан жас жігіттің денесі табылды. Алматы қалалық Полиция департаменті бұл факт бойынша тергеу басталғанын хабарлаған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқу орны аумағындағы 17 жастағы бозбаланың өліміне түсініктеме берілді.

“Олар бірнеше адам болып келді, бірақ біреуі шомылу үшін суға өзі түсіп кеткен. Соған қарамастан, оны субұрқақтан жолдастары шығарып алған. Өлімнің себебі, мен атап өткендей, сот-медициналық сараптама нәтижесінде көрсетіледі. Біздің аумақ – режимді нысан емес. Бізде тұрғын үй секторы да бар. Бізде кітапхана бар. Басқа заттар да. Фараби қаласы көкпеңбек аумақ – тұрғындар келеді. Мұнда демалатын орын бар. Біз барлық ниет білдірушілерге өз аумағымызға кіруге тыйым сала алмаймыз”, — деді университет өкілдері.

Другие новости

Back to top button