ГлавноеГосорганы

Президент Қазақстан Үкіметін отставкаға жіберді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігіне қатысты қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Президент Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты қаулы шығарды.

«1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын.

2) Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген қаулыда.

Другие новости

Back to top button