Ақша

Қазақстанның Ресейге қарызы 88 пайызға артқан

Дегенмен, еліміздің сыртқы қарызы азайып келеді   

Қазақстанның сыртқы қарызы 1,5 пайызға азайған. Бірақ, Ресейге берешегі 88 пайызға артқан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy LS-ке сілтеме жасап.

Ұлттық банктің мәліметінше, Қазақстанның 2022 жылғы 1 шілдедегі берешегі шамамен 164,2 млрд долларды құрады. Бұл 2,5 млрд долларға немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 1,5%-ға аз.

Қарыздың ең көп көлемі әлі де Нидерландыға тиесілі, Қазақстанның бұл елге берешегі — 41,4 млрд доллар. Бір жылда ол 7,4% — ға қысқарды. Берешек көлемі бойынша екінші орынды Ресей иеленді-18,3 млрд доллар (жылына+88,6%).

Одан кейін Ұлыбританияның алдындағы қарызы — 1 16,9 млрд доллар (-27,4%) және АҚШ-қа 1 12,5 млрд доллар берешек бар (-8%).

Сонымен қатар, халықаралық ұйымдар алдындағы сыртқы қарыз 7% – ға, яғни 1 12,2 млрд-қа дейін, ал Қытай-2% — ға, 9 9,9 млрд долларға дейін өскен.

Қазақстанның ең аз берешегі Вьетнамға, Кенияға, Ливияға, Пәкістанға және Ауғанстанға тиесілі.

 

Другие новости

Back to top button