Социум

Қазақстанның басым бөлігінде әлі де жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Еліміздің оңтүстік-шығысында, шығысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Синоптиктер 25 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Әлі де солтүстік-батыс антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында, шығысында, солтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай болады. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, түнгі және таңеретеңгі сағаттарда еліміздің шығысында тұман болады», — делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Қызылорда облысында, Түркістан облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Атырау облысының батысында, шығысында, Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында қатты ыстық сақталады.

Нұр-Сұлтан қаласында ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік бағыттан жел соғады, күші түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 23-25 градус жылы болады.

Алматы қаламында ауа райы көшпелі бұлтты болады, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 3-8, екпіні 13 м/с. Ауаның температурасы түнде 14-16, күндіз 24-26 градус жылы болады.

Шымкент қаласында ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде 14-16, күндіз 30-32 градус жылы болады.

Другие новости

Back to top button