Социум

Қазақстандықтар жұмысқа жету үшін жолға қанша уақыт жұмсайды

Көлік кептелісі бойынша ең нашар елдер рейтингінде Қазақстан 87 мемлекеттің ішінде 47-ші орында тұр.

Елдегі көлік қозғалысы индексі 133,9-ды құрады. Индекс жұмысқа жету үшін жол жүру уақытын, жолдың ұзақтығына қанағаттанбауды, жол қозғалысы жүйесінің тиімсіздігі мен СО2 тұтынуын бағалайды.

Рейтингке сәйкес, қазақстандықтар жұмысқа жету үшін орташа есеппен бір бағытқа 34 минутын жұмсайды. Ал жұмысқа барып-келу кезіндегі көмірқышқыл газын шығару индексі 4119 құрады, деп хабарлайды Finprom.

Ресей, Әзірбайжан және Украинаның көрсеткіштері Қазақстаннан да нашар. Ал Беларусьте, керісінше, жағдай жақсырақ болып шықты.

Көлік кептелісі бойынша ең нашар елдер – Нигерия, Коста-Рика және Шри-Ланка, ал үздік көрсеткіштер Австрия, Финляндия және Эстонияда тіркелген.

Биыл қаңтар-шілде айларында Қазақстанның көлік-логистика секторында негізгі капиталға салынған инвестиция 593,4 млрд теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда құны бойынша 7,8%-ке көп (нақты көлем өсімі — 5,2%).

Салымның басым бөлігі Алматы қаласына тиесілі: 107,5 млрд теңге, жылдық өсім — бірден 65,2%. Одан кейін Алматы облысы (64,1 млрд теңге, 17,2%-ке аз) және Атырау облысы (56,5 млрд теңге, 97,1%-ке көп).

Инвестицияның ең аз көлемі жаңадан құрылған Ұлытау облысында, сондай-ақ Павлодар мен Түркістан облыстарында тіркелді.

Другие новости

Back to top button