Образование
Қазақстандағы мұғалімдердің 82 пайыздан астамы – әйелдер

Қазақстандағы мектептерде қызмет ететін педагогтердің 82,1%-ы әйелдер екені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Қазақстанның білім беру саласында 484 788 педагог-әйел жұмыс істейді. Олардың ішінде:
- 100 750-і – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында;
- 334 641-і – орта білім беру ұйымдарында;
- 2 444-і – түзету-білім беру ұйымдарында;
- 13 113-і – қосымша білім беру ұйымдарында;
- 29 025-і – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында;
- 3 815-і – арнайы білім беру ұйымдарында.