Госорганы

Қазақстанда түрмеде жазасын өтеушілерді асырауға жылына қанша ақша жұмсалады

Бұл бағытта бюджетке түсетін қаражатты азайту үшін бірқатар жобаны жүзеге асыру ұсынылып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Құтқару» қоғамдық қорының хабарлауынша, жыл сайын бюджеттен бұл бағытта тәулігіне 2 261 теңге бөлінеді. Қазақстанда барлығы сотталып түрмеде отырғандар, уақытша қамау изоляторындағылар саны 34-тен 38 мың адам аралығында.

Қор оларды ұстауға жылына 28 млрд теңге жұмсайды деп есептеп шығарған. Бұл ретте жазаны орындау жүйесінің өзі 6-дан 20 миллиард теңгеге дейінгі мөлшерде қаржыландырылмаған.

Түрме тұрғындарын 10% қысқартуға және мемлекеттік бюджетке қаражат бөлуге бағытталған жобаны жүзеге асыру ұсынылып отыр.

Алдын ала есептеулер бойынша бұл жылына шамамен 2,8 миллиард теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді.

Другие новости

Back to top button