Недра Казахстана

Қазақстанда табиғи газ өндірісі азайған

Биыл ол 2,9%-ға аз өндірілген

2022 жылдың қаңтар-қазан аралығындағы кезеңде Қазақстанда ақшалай көлемде 259,9 млрд теңгеге табиғи газ өндірілді, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5%-ға аз,деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап. 

Есепті кезеңде нақты мәнде 43 366,8 млн/м3 табиғи газ өндірілді, бұл да өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5%-ға төмен.

Ілеспе мұнай газ өндірісі 25 777,1 млн/м3 құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 2,9%-ға аз.

Еске салайық, Қазақстанда табиғи газ өндірісімен 4 кәсіпорын айналысады.

Другие новости

Back to top button