Социум

Қазақстанда сары майға сұраныс артып, өндіріс азайған

Биыл Қазақстанда сары май өндірісінің көлемі былтырғымен салыстырғанда 12,6%-ке төмендеп, бағасы 15% қымбаттаған, деп хабарлайды Energyprom.kz.

Өңірлер бойынша сары май бағасы Маңғыстау облысында күрт қымбаттап, жыл басынан бері 29%-ке өскен.

Жалпы ел бойынша қаңтар-шілде аралығында 13,9 мың тонна сары май өндірілді. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 12, 6 процентке кем. Қаңтар-мамыр аралығында отандық өндірушілер сары майға деген сұраныстың 71процентін қамтамасыз етті. Өткен жылы бұл көрсеткіш 83,6% болды. Нәтижесінде импорт бірден 83,5%-ке артты.

Шілде айының қортыныдысы бойынша тұздалмаған сары майдың бағасы бір айда 1,2 процентке, бір жылда 17 процентке өскен. Жыл басынан бергі өсім 14,7%-ті құрады.

Тұздалмаған сары майдың елдегі орташа бағасы килограмм үшін 3,3 мың теңге шамасында. Ірі қалалар ішінде Павлодарда біркелі май бағасы 2,7 мың теңге, ал Атырауда 4,3 мың теңгеге жетті.

Жыл басынан бері бағаның шарықтауы Маңыстау облысында тіркелді, баға бірден 29%-ке артты. Екінші орында Шымкент қаласы (26,7%) мен Жамбыл облысы (26,4%) тұр. Ал Нұр-Сұлтан (3%) қаласы мен Алматы (5,6%) және Павлодар (7,2%) облыстарында баға біртіндеп көтеріліп жатыр.

Другие новости

Back to top button