Ақша

Қазақстанда қарапайым халыққа берілетін банктік несиелердің пайыздық мөлшерлемесі көтерілді

Екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) 2024 жылы қаңтарда 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда халыққа берген теңгедегі несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі жалпы алғанда 2,8%-ға өсіп, 20,7% болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Құжатқа сәйкес, теңгедегі ең арзаны халыққа үш айдан бір жылға дейінгі мерзімге берілген несиелер – 18,7%, ең қымбаты – бір айға дейінгі мерзімге 33,2%.

Заңды тұлғаларға теңгемен берілген несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі 0,2%-ға, яғни 18,5%-ға дейін төмендеді. Шетел валютасындағы несиелер бойынша мөлшерлеме өзгерген жоқ, ол 5,7% болды. Қаңтар айында бизнес үшін теңгедегі ең қымбаты ұзақ мерзімді несиелер болды – бес жылдан астам мерзімге – 19,6%, ең арзаны – бір айдан үш айға дейінгі мерзімге – 18,2%.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда аз қамтылған азаматтарға несие беруге тыйым салу ұсынылғаны туралы жазған едік.

Другие новости

Back to top button