Социум

Қазақстанда қант бағасы бір жылда 87 пайызға қымбаттап кеткен

Жарты жылда елімізде 149,1 мың тонна қант өндірілді 

Қазақстанда қант өндірісі 9%-ға артса да, баға бір жылда 87%-ға қымбаттап кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Energyprom.kz атап өткендей, қаңтар-маусым айларында елімізде 149,1 мың тонна қант өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 9 пайызға артық көрсеткіш.

Өндірістің ең үлкен көлемі дәстүрлі түрде Жамбыл облысына тиесілі болып отыр: бір жылда 16,4%-ға артып, 96 мың тоннаға жетті. Өңірдің Қазақстандағы жалпы өнімдегі үлесі бір жыл бұрынғы 60,3% көрсеткіштен артып, 64,3%-ды құрады.

Қаңтар-мамыр айларының қорытындылары бойынша жергілікті компаниялар қантқа деген сұранысты (ішкі нарықтағы сату мен экспорт) бір жыл бұрынғы 48% көрсеткішке қарағанда, 57,1%-ға қамтамасыз етті.

Импорттың үлесі тиісінше 52%-дан 42,9%-ға дейін азайды. Елге 63,5 мың тонна қант әкелінді, бұл бір жыл бұрынғыдан 38,9% аз көрсеткіш. Ішкі нарықтағы сату көлемі де 25,6%-ға, яғни 147,7 мың тоннаға дейін азайды.
Қаңтар-маусым айларында елімізге 210,6 мың тонна құрақ және қызылша қанты, сондай-ақ 126,4 млн АҚШ доллары көлемінде қатты күйдегі химиялық таза сахароза импортталды.

«Қазақстан ТМД елдерінен 65,3 мың тонна қант пен сахароза импорттады, бұл бір жыл бұрынғыдан 45,7%-ға аз. Импорттың негізгі бөлігі, яғни 62,4 мың тоннасы Ресейден келді. Мұнда да көрсеткіш бір жылда 42,5%-ға төмендеп кеткен», — дейді сарапшылар.

ТМД-дан тыс елдерден Қазақстан 145,3 мың тонна қант импортталды, бұл бір жыл бұрынғыдан 23,9%-ға көп. Қанттың негізгі көлемі Бразилиядан: 107,7 мың тонна жеткізілді, яғни жылдық өсім – 24,1%.

«Шілде айында елімізде қанттың келісі орта есеппен 537 теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 86,6 пайызға қымбат», — делінген зерттеуде.

Қант бағасының қымбаттауын Жамбыл облысының тұрғындары айрықша сезінді: өңірде қант бір жыл бұрынғыдан 2,2 есе қымбаттады. Сондай-ақ Алматы қаласы мен Қарағанды ​​облыстында ба қатты байқалды. Бағаның ең аз өсуі елордада байқалды: 58,3%.

Еліміздің ірі қалаларының ішінде ең қымбат қант Алматы (581 теңге), Қонаев (555 теңге) және Атырау (554 теңге) қалаларында тіркелді. Ең төменгі баға Ақтөбеде (449 теңге) болды.

 

Другие новости

Back to top button