Образование

Қазақстанда неше оқушы мектепте тегін тамақ ішеді

Қазақстанда 1,7 миллионнан астам оқушы мен балабақшадағы 97 мың бала тегін тамақпен қамтылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, бұл президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында айтқан уәдесінің бірі еді.

Соған сай, 2024 жылдың қыркүйегінен бастап балабақшалардағы әлеуметтік осал және көп балалы отбасылардан шыққан 97 мың бала тегін тамақ ішеді.

«Биыл1 қыркүйектен бастап 1,7 миллионнан астам оқушы тегін тамақпен қамтылды, оның ішінде 1,4 миллион бала бастауыш сыныпта, тағы 340 мыңнан астам бала  5-11 сынып оқушылары», деп хабарлады ОКҚ

Другие новости

Back to top button