Образование

Қазақстанда неміс мектебі ашылады

Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Федералдық канцлер Олаф Шольцтің кездесуінде ресми делегация мүшелері қол қойған меморандумда көрсетілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Федералдық канцлер Олаф Шольц Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы ынтымақтастық туралы Бірлескен декларация қабылдады. Сонымен қатар ресми делегация мүшелері мынадай құжаттарға қол қойды – делінген Ақорда таратқан ақпаратта.

Қол қойылған құжаттардың бірі – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы мен «Возрождение» қазақстандық немістер бірлестігі» қоғамдық қоры және Германия Федеративтік Республикасының Федералдық Сыртқы істер министрлігі арасындағы қазақ-неміс мектебін құру ниеті туралы меморандум.

Другие новости

Back to top button