Госорганы

Қазақстанда көлік алудың арнайы бағдарламасы бойынша өтінім қабылдаудың платформасы іске қосылады

 Көлік алуға жеңілдікпен несие беру бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау платформасы іске қосылады. Бұл туралы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарушы директоры Ғалымжан Әди айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Биылғы 6 ақпанда «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ («Қазақстанның Даму Банкі» АҚ еншілес ұйымы) көлік алуға жеңілдікпен пайызы төмен несие беру бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау үшін пилоттық платформаны іске қосады», — деді Ғалымжан Әди елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Өтінімдерді қабылдау Астана уақыты бойынша сағат 10:00-де www.autonesie.kzресми сайты арқылы жүргізіледі. Осы орайда өтінім беру үшін компьютер арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны енгізіп, қосылуға болады. Платформада тек Қазақстан Республикасының аумағында тіркелуге мүмкіндік бар.

 

Другие новости

Back to top button