Социум

Қазақстанда кофе мен шай бағасы өткен айда тағы қымбаттады

Елімізде кофенің бағасы 19,6%-ға, шай бағасы 16,7%-ға қымбаттады

Бүкіл әлемде кофе бағасы екі жылдан бері қымбаттап жатыр. 2022 жылдың шілдесінде Қазақстандағы кофенің бағасы 19,6%-ға, шай бағасы 16,7%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

EnergyProm порталының мәліметінше, кофе бағасының қымбаттай бастағанын елімізде әсіресе шымкенттіктер айрықша сезініп отыр: бұл қалада бірден 47,4%-ға қымбаттаған. Сондай-ақ Ақмола (26,6%-ға) және Атырау (25%-ға) облыстарында да баға біршама көтерілген. Солтүстік Қазақстан облысында небәрі 10,1%-ға артқан. Алайда бұл өңірде шай бағасы, керісінше, қатты қымбаттап кеткен. Бағаның айтарлықтай өскені Қызылорда мен Жамбыл облыстарында да байқалды.

Соңғы алты айда елімізде 8,5 мың тонна өңделген шай мен кофе (2021 жылмен салыстырғанда 8,6%-ға аз) өндірілген. Өндірістің жартысынан көбі Алматыға (4,5 мың тонна, жыл бойынша 21%-ға аз), Шымкентке (2,6 мың тонна, 4,3%-ға көп) және Алматы облысына (973 тонна, 83, 2-ға көп) тиесілі.

Айта кетерлігі, 2021 жылы шай мен кофе өндірісінің көлемі 19,6 мың тоннаны құраған болатын, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,1%-ға аз.

2021 жылдың қаңтар-мамыр айларында меншікті өндіріс сұранысты 27,2%-ға қамтыды. Тиісінше, импорттың үлесі 72,8 пайызды құрады. Қазақстанға 17,3 мың тонна шай мен кофе (бір жыл бұрынғыдан 5,9%-ға аз) жеткізілді.

Қазақстаннан экспортқа 2,3 мың тонна өңделген шай мен кофе жіберілді (жылына минус 22,2%). Қазақстан Республикасының ішкі нарығында 21,4 мың тонна өнім (бір жыл бұрынғыдан 8%-ға аз) сатылды.

 

Другие новости

Back to top button