Ғылым және техника

Қазақстанда жасанды интеллект туралы курстар мен білім бағдарламалары дайындалады

Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі жасанды интеллект бойынша білім бағдарламалары мен курстар әзірлейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Цифрлық Үкіметтің кеңсесінде өткен отырыста премьер-министр Олжас Бектенов осындай тапсырма берді.

«Цифрлық даму министрлігіне өңір әкімдерімен бірге келесі жылы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін жасанды интеллект құралдарына оқыту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырамын. Ғылым және жоғары білім министрлігі жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламалары мен курстарын дайындасын», — деді Үкімет басшысы.

Бектеновтің айтуынша, қазір азаматтардың көпшілігі жасанды интеллект туралы біле бермейді.

«Цифрлық қызметтердің дені қарапайым халық үшін күрделі. Оларды барынша оңайлату керек. Цифрлық даму министрлігіне салалық министрліктермен бірге қолданыстағы цифрлық шешімдерді одан әрі жетілдіруді тапсырамын. Оларды қалай пайдалану керек екенін халыққа кеңінен түсіндіру қажет», — деді премьер.

Другие новости

Back to top button