Социум

Қазақстанда 11-13 мамыр аралығында қатты жаңбыр жауып, күн суытады

11 мамырда Қазақстанда жаңбыр жауып, күн суытады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы оңтүстік циклонның ықпалында болады, соған байланысты жаңбыр жауып, күн күркірейді және бұршақ жаууы мүмкін. 11-12 мамырда батыста, 12-13 мамырда – солтүстік-батыста, солтүстікте, 13 мамырда – орталықта және шығыста қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғады.

Республика бойынша ауа температурасы төмендейді. Солтүстік және шығыс өңірлерде түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді. Күндізгі уақытта температура солтүстік-батыста және солтүстікте 5-15 градус жылы болады.

Другие новости

Back to top button