Спорт
Қазақстан шахматтан алғаш рет әлем чемпионатының финалына шықты
Әйелдер арасындағы жарыс Польшада өтіп жатыр
![](https://matritca.kz/wp-content/uploads/2023/09/img_8095-780x470.jpeg)
Шахматтан әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионаты аясында Қазақстан алғаш рет финалға шықты, деп хабарлайды Sports.kz.
Польшаның Быдгощ қаласында өтіп жатқан жарыстың жартылай финалында қазақстандық шахматшылар Франция құрамасын 4:0 есебімен ұтты.
«Қазақстанға жеңісті Бибісара Асаубаева (ФИДЕ рейтингі: 2439), Меруерт Камалиденова (ФИДЕ рейтингі: 2162), Алуа Нұрманова (FIDE рейтингі: 2170) және Әмина Қайырбекова (FIDE рейтингі: 1985) әкелді. Турнирге Қазақстан әйелдер құрамасы сапында Ксения Балабаева (FIDE рейтингі: 2111) және Әсел Серікбай (FIDE рейтингі: 2120) қатысып жатырә, — делінген хабарламада.
Финалда Қазақстан құрамасы жартылай финалда АҚШ құрамасын 3,5-0,5 есебімен жеңген Грузия құрамасымен кездеседі.
Айта кетерлігі, бұған дейін қазақстандық әйелдер құрамас жарыстың ширек финалынан асып көрмеген болатын. Енді олар бас жүлдені сарапқа салады.