Культура

«Қасымыздағының қадірін білмейміз». Нұрғали Нүсіпжанов пәтер жалдап тұрады

Бұл туралы Роза Әлқожа өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Нұрғали Нүсіпжановпен кездескен Роза Әлқожаның айтуынша, Нұрғали Нүсіпжанов жер үй сатып алуға жинаған ақшасын алаяққа беріп қойып, бүгінде өзі пәтерде жүр екен.

Сазгер, әнші, ұстаз Бағлан Бәбіжан құрбымыз біраздан бері «ағаға барып қайтайық» деп жүрген. Кеше соның сәті түсті. Халық әртісі, бүгінгінің аңызы Нұрғали Нүсіпжанов ағамызға сәлем беріп бардық. Биыл сахнада жүргеніне 70 жыл толады екен. Өзі 87 ге келіпті. Ағадан бата алып, ырымдап жатыр. Біз кейде қасымыздағының қадірін білмей, жеке қалдырып, құса қылып жатамыз, неге деген сұрақ туады осындайда?! Аға жер үй сатып алсам деп жинаған бар ақшасын Шәуілдірден келген бір алаяққа беріп, енді соны ала алмай пәтерде жүр екен, — деп жазды Роза Әлқожа.

Сондай-ақ Роза Әлқожа жезтаңдай әншінің орындалмаған арманы жайында айтты.

Өзім де кезінде ағадан сұхбат алған сияқты едім, бірақ шын ғұмыр-тарихын білмейді екенбіз ғой… Екі әйелден бес қыз көрген бұл кісінің орындалмаған арманы – ұл болыпты. Ұрпағының жалғасын көргісі келеді екен. Жас жеңгеміз де эконың бар ғаламатын көріп баққан, болмапты. Ендігі бар үміті – бала асырап алып, ағаның атына жаздыру. Баладай мәпелеп күтіп жүрген бұрынғы журналисті де аядым. Нұрғали Нүсіпжанов әлеміне бойлап, жазу-сызуын да ұмытыпты. Қайтпек керек?! Алла маңдайға берген болса бәрі де болар, — деп жазды Роза Әлқожа.

Другие новости

Back to top button