Алматинская область

Қаскелеңде екі көлік қағып кеткен 17 жастағы бойжеткен ауруханаға түсті

Алматы облысының Қаскелең қаласында рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтпек болған бойжеткенді екі көлік қағып кетті. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Telegram-дағы POLISIA.KZ ресми жаңалықтар арнасы хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 20 қараша күні кешкі уақытта Қаскелеңде Mitsubishi көлігінің 58 жастағы жүргізушісі жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпекші болған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Салдарынан қызды қарсы беттегі Mercedes-Benz көлігі соққан. Әр түрлі дене жарақатын алған 17 жастағы азаматша қалалық орталық ауруханаға жеткізілген.

Осы факті бойынша ӘҚБтК-нің 610-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Другие новости

Back to top button