Недра Казахстана

Қарашығанақта мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі қысқарды

Қарашығанақта мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі қысқарды. Бұл туралы Энергетика министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылғы 11-15 қыркүйек аралығында Қарашығанақ кен орнында №3 газды кешенді дайындау қондырғысы жоспарлы-ескерту жұмыстарына толықтай тоқтатылды. №3 газды кешенді дайындау қондырғысын толықтай тоқтату Орынбор газ өңдеу зауыты 3-кезеңінің жөндеуге тоқтатылуымен және газды мүлдем қабылдамауымен қиындастырылды. 11 қыркүйекте мұнай өндіру 3,3 мың тоннаны құрады. 10 қыркүйекпен салыстырғанда 27 мың тоннаға кеміді», — деп атап өтті Энергетика министрлігінен.

Другие новости

Back to top button