Қарағандыда арнайы операция кезінде есірткінің ірі партиясы тәркіленді
Қарағандыда ер адамнан 24 келі гашиш пен 200 келі марихуана тәркіленді. Бұл ақпаратты Қарағанды облыстық полиция департаменті таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қарағанды қалалық полиция басқармасының есірткіге қарсы іс-қимыл бөліміне қала тұрғынының бірі есірткі сақтауға қатысы бар екендігі туралы ақпарат түсті. Осы ақпарат бойынша тыңғылықты дайындалған операция барысында қаладағы аудандардың бірінде 37 жастағы азаматтың басқаруындағы автокөлік ұсталды. Оған жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында көліктің алдындағы бөлігінен 4 орам қара қоңыр зат табылса, артыңғы орындықтан 10 орам көкөніс тектес зат табылды.Қарағанды облыстық полиция департаменті
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар 275 грамм гашиш пен 9,8 келі кептірілген марихуана екені анықталды.
Ұсталған азамат қалада авто жуу және дөңгелек жөндеу орнын жалға алған. Сол жерлерге жүргізілген тінту жұмыстары барысында 9 қап өсімдік тектес зат пен 3 қап қара қоңыр зат тәркіленді.Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар 23 келі 584 грамм гашиш, 190 келі 146 грамм марихуана есірткі заттары екені белгілі болды.
Күдіктіден алынған есірткі заттарының жалпы салмағы – 24 келіге жуық гашиш, 200 келі марихуана. Бұл жайт бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-тармағымен қылмыстық іс қозғалды.Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалы жүріп жатыр.