Госорганы

Қаңтарда құрылған Арнайы операциялар күштерінің міндеттері қандай

ҚР Қорғаныс министрлігі Арнайы операциялар күштері қолбасшылығы қалай құрылатынын және қандай міндеттер жүктелетінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаңтар айында Мемлекет басшысы – Жоғарғы Бас қолбасшы Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығын құру туралы Жарлық шығарды. Әскерлердің қолбасшысы тағайындалды, арнайы операциялар күштерінің құрамына кіретін құрамалар мен бөлімдер анықталды. Оларды қамтамасыз ету, әскери және басқа да техниканы тиісті жарақтандыру шаралары жүргізілуде. Жеке құрам дайындалып жатыр», — деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге Стратегиялық даму департаментінің өкілі полковник Алпамыс Өтепов Арнайы операциялар күштері қолбасшылығының құрамына әскери бөлімдер, мекемелер, бөлімшелер енгізілгенін айтты.

«Арнайы операциялар күштерінің жаттығулары бірнеше рет өткізілді және Үкімет техникалық жарақтандыруға арналған құралдарды мақұлдады. Оның негізгі міндеттері: әскери қауіпсіздіктің гибридті қатерлеріне қарсы іс-қимыл, заңсыз қарулы құралымдарға қарсы күрес және терроризмге қарсы операцияларға жәрдемдесу», — деді А. Өтепов.Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 19 қаңтарда «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығын құру туралы» Жарлыққа қол қойған еді.

Другие новости

Back to top button