Культура

«Қалағаныңды әперем»: Ерке Есмахан туған күніне Raim не сыйлағанын көрсетті

Әнші Ерке Есмахан 40 жас туған күніне күйеуі Raim не сыйлағанын көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол күйеуі қалағанының бәрін алып беретінін айтқанын қозғап өтті. Фотодан әлемдік танымал Chopard, Van Cleef, Graff, Bulgari брендтерінің заттарын көруге болады.

«Туған күнімді тойламайтын болған соң, күйеуім қалағаныңды әперем деді. Сөйтіп ол бір ай концертке дайындалған кезде мен бір ай бойы өзіме сыйлық алумен болдым. Тапқанымды Алматыдан алдым, таппағанымды шетелден алдырдым.

Бұл соңы емес деп отырмын. Туған күнге әлі 15 күн бар. Әлі де толықтырып алайын. Сосын бәрін ашып көрсетемін. Жұғысты болсын», — деп жазды Ерке Есмахан.

Другие новости

Back to top button