Культура

Қайрат Нұртастың кенже інісі сүйіктісін көрсетті

Айдарбековтер әулетінің кенжесі Заңғар Нұртас көпшілікке сүйіктісін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Заңғар Нұртас әлеуметтік желідегі парақшасында белгісіз арумен түскен сеуреттері мен видеоларын жариялады. Бойдақ жігіттің таңдауы бұл жолы Индира есімді қызға түскен. Заңғар Нұртас сүйіктісімен алғаш кездесуге барған сәтін де желіде жария етті.

Ол соңғы жазбаларының бірі де сүйіктісіне арнады.

“Әлеміме қош келдің”, – деп жазды ол.

Желі қолданушыларының басым көпшілігі ғашықтарға бақыт тілеп жазса, енді бірі Заңғардың бұрынғы келіншегі Жібекті оңай ұмытқанына ашулы.

“Сүйкімді, жүзі жылы екен. Бақытты болыңдар”, “Әр адам бақытты болуға лайықты”, “Керемет жұпсыздар”, “Сондай нәзік екен”, “Заңғар, бауырым, жарайсың”, “Ұзағынан сүйіндірсін”, “Жібекті қалай оңай ұмытып кеттіңіз?”, “Жібек те жап-жақсы қыз”, “Еркек затына сенім жоқ”, “Жібекті қалай тез ұмыта салдың”, “Жібекке жетпейді, өте салмақты қыз еді”, – деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, Заңғар Жібекпен 2022 жылдың наурыз айын шаңырақ көтерген болатын. Кейін Айдарбековтер әулетінің кенжесі Заңғар Нұртас келіншегі Жібекпен заңды түрде ажырасып кеткенін айтты.

 

 

Другие новости

Back to top button