ГлавноеГосорганы

Президенттің 2022 жылы атқарған шаруаларының қорытындысы жарияланды

Тоқаев биыл 68 Заңға, 422 Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылы атқарған шаруаларының қорытындысы жарияланды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Bort №1 Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Президент биыл 68 Заңға, 422 Жарлыққа, 137 Өкімге, 4 508 қызметтік хат-хабарға, 594 жеке және заңды тұлғалардың жолданымына қатысты тиісті шешімдерге қол қойды.

Сол сияқты 60 жеделхат жолдады, 30 елдің Төтенше және Өкілетті елшісінен сенім грамоталарын қабылдады, 59 рет телефон арқылы сөйлесті, 7 рет Үндеу мен мәлімдеме жасады, 1 рет жария түрде Конституциялық заңдарға қол қойды.

Бұдан бөлек 59 жиналыс пен кеңеске, 31 халықаралық деңгейдегі шараға қатысты, 298 рет қабылдау мен кездесу өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев ел ішіне және шетелдерге бірқатар сапар жасады: 147 390 шақырым қашықтыққа ұшты, 238 сағат 55 минут ұшақта болды. 16 рет жұмыс сапарымен еліміздің аймақтарына барды.

Биыл Президент 14 елге 25 рет сапар жасады: ҚХР, Түркия, РФ, Иран, Өзбекстан, Сауд Арабиясы, Қатар, АҚШ, Франция, Әзербайжан секілді т.б. елдер.

Осы аралықта Қасым-Жомарт Тоқаев 19 елдің мемлекет басшысымен кездесіп, келіссөз жүргізді.

Другие новости

Back to top button