ГлавноеСеверо-Казахстанская область

Петропавлда 9 көпқабатты үй мен әлеуметтік нысандар сусыз отыр

Кеше кешке болған апат салдарын жою жұмыстары әлі де жалғасып жатыр

Петропалда құбыр жарылып, 15 көпқабатты үй мен бірнеше әлеуметтік және коммерциялық нысан тіршілік нәрінсіз отыр. Коммуналдық мекеме арнайы көліктермен су тасымалын ұйымдастырды. Кеше кешке болған апат салдарын жою жұмыстары әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, апат Мағжан Жұмабаев пен Сәбит Мұқанов көшелерінің қиылысында тіркелген еді. Оқиға кеше кешке болған. Жағдай біртіндеп қалпына келтірілуде. Дәл қазіргі сәтте 600-ден астам абонент пен қаладағы ең ірі наубайхана, оңалту орталығы мен бірнеше кеңсе сусыз отыр. Мамандардың айтуынша, екі құбыр жалғанған жер сөгіліп кеткен. Коммуналдық қызмет өкілдері түні бойы жөндеу жұмыстарын жүргізді. Бірнеше үйдің ауласын су басып қалды. Тіпті кейбірінің жертөлесі толып кеткен.

«Жөндеу жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр. Апаттың себебі анықталуда. Шығын көлемі әзірге белгісіз. Былтыр ғана ұзындығы 300 метрден астам су трассасы ауыстырылған болатын. Бұл мақсатқа 100 млн теңгеден астам қаражат жұмсалды. Жөндеу жұмыстарын астаналық «Римстройсервис» сеіктестігі жүргізді. Кепілдік мерзімі аяқталған жоқ. Сондықтын біздің және тұрғындардардың шығынын мердігер компания өтейтін болады. Кеше арнайы техника көшедегі және тұрғындардың ауласына, жертөлесіне кірген суды сорып алды. Мамандар күннің суығына қарамастан жағдай тұрақталғанша жұмыс істейді. Кеше қалада қысым 1,5 сағатқа азайтылды. Осы аудандағы балалар ауруханасында су болмады», — дейді «Қызылжар су» серіктестігі бас инженерінің орынбасары Ербол Нәбиев.

Облыс орталығында өткен айда ғана ірі апат тіркелген болатын. Ақау дәл осы Мағжан Жұмабаев көшесінің бойынан шықты. Қаладағы су құбырларының 70 пайызға жуығы тозған.

Другие новости

Back to top button