Выбор редакцииИнтервью

Памперс ауру балаларға кигізуге арналған — уролог-андролог Максет Рысбаев

Маман баланың өмірін жаялықсыз елестете алмайтын ата-аналарға кеңес берді

Уролог андролог, Ұлттық диагностика орталығының дәрігері Максет Рысбаев Abay Live Youtube арнасына берген сұхбатында балалар жаялығының (подгузник) денсаулыққа зияны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Жаялықты о баста ауру балаларға арнап шығарған. Кей балаларға туа сала жыныс мүшесінің ақаулығына байланысты операция жасайды, міне, соларға жаялық кигізеді. Біз оны кейін дені сау балаларға да кигізе бастадық. Бұл қате. Енді зиянына келейік, ер адамның жыныстық органдары екі түрлі қызмет атқарады. Бірінші жұмысы — тестесторон істеп шығару, екіншісі сперматозоид істеп шығару. Ерлердің жұмыртқасы сыртта орналасқан. Себебі, дененің температурасы 36 градус, ал жұмыртқа температурасы 32 градус. Ал егер сол жұмыртқаға памперс кигізсеңіз, ол қызады, температурасы өседі. Бала сиіп, дымқылданғанда 38-39-ға дейін қызады. Сол кезде жұмыртқаның ішіндегі спермотозоид істеп шығатын клеткалар өліп қалады. Сперматозоид формасы бұзылады, ДНК бұзылады. Кейін бала өскенде одан әйел жүкті болса да, баланың түсіп қалу ықтималдығы жоғары», — деді маман.

Максет Рысбаев баланың өмірін жаялықсыз елестете алмайтын ата-аналарға кеңес берді.

«Егер памперс кигізсе, баланың өз размерінен бір өлшем үлкенін кигізу керек. Сол кезде қысылып қалмай, ішіне ауа кіріп тұрады. Қатты қызып кетпейді. Ал бала рефлексі дамып, бір жас алты айдан бастап горшокқа отыру, әжетханаға отыру қабілеті қалыптасуы керек. Егер екі жаста бала бұтына жіберетін болса, Еуропадағы урологтар энурез деген диагноз қояды. Ал бізде жеті жаста жіберіп қоятын балаға да энурез диагнозын қоймайды. Бұл дұрыс емес. Баланы үйрету үшін әр үш сағатта тосу керек, бұл норма», — деп айтты ол.

Сұхбаттың толық нұсқасын Abay Live YouTube каналынан көруге болады.

Другие новости

Back to top button