Социум

«Орыстар үшін біз малдың қатарындамыз»: Нұртас Айдарбеков ресейліктерді пәтеріне кіргізгендерге шүйлікті

Ресейдегі мобилазиция салдарынан елдегі баспана нарығының өзгеруі соңғы күндері Қазнеттегі басты тақырып. Қарапайым халықтан бастап, танымал тұлғалар мен блогерлер аталған жайтқа қатысты түрлі пікірлерін білдіруде. Мәселен, Қайрат Нұртастың әкесі ресейліктерді пәтеріне кіргізіп, өз отандастарын далада қалдырған қазақстандықтарға шүйлікті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ашуға булыққан Нұртас Айдарбеков ресейліктердің қазақтарды менсінбейтінін ашық айтып, оларды шаңыраққа кіргізбес бұрын жақсылап ойлану керектігін мәлімдеді.

«Құрметті менің қазағым, және кеңес одағын көрмеген жас буындар! Мен негізі ұлтшыл адамға жатпаймын, бірақ кеудемдегі қазақ деп соғатын жүрегімді жер астына жерлей салуға бүгінгі таңда басымды кесіп алса да дайын емес екендігімді жария етуге дайынмын.

Құрметті ағайын, біздің қазақ қонақжай ия, бірақ басыңа шығып, кеше ғана қазақта жер жоқ, оларға орыс жерді сыйлық етті деп айқайлап, менің бабамның қол астында кезінде құл болғандардың айтқан сөзін ести отырып, неге біздің жастарымыз, әсіресе мына солтүстік және Орал қаласының блогерсымақтары соншама асты-үстіне түсіп жағдай жасап жатырсыздар?

Тағы да қайталап айтамын, мен ұлтшыл не болмаса жүрегі жоқ адам емеспін. Бірақ біз неге сондай басымызға теуіп жатқан халықты қойнымызға аламыз? Қайда біздің ата-бабадан қалған қасиетіміз? Жандарым-ау, өз қазағыңды екі күндік артық пайда үшін пәтеріңнен шығарып, жауды кіргізіп соншама не көрінді? «Жауды аяған жаралы» деп мен айтқан жоқпын, атаң қазақ айтқан.

 

Другие новости

Back to top button