Образование

Оқу-ағарту министрлігі оқушылардың оқу жүктемесін белгіледі

Оқу-ағарту министрлігі «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізді.

Құжатта мазмұнға қойылатын талаптар, оқу жүктемесінің шекті көлемі, білім алушылардың дайындық деңгейі және оқу ұзақтығы қарастырылған.

Негізгі орта білім беру деңгейіндегі білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі 5-сыныпта – 30 сағаттан, 6-сыныпта – 30 сағаттан, 7-сыныпта – 33 сағаттан, 8-сыныпта – 34 сағаттан, 9-сыныпта – 35 сағаттан аспауы тиіс.

Сонымен қатар орта білімнің қолжетімділігіндегі теңсіздікті азайту, ауыл оқушыларының білім сапасын арттыру аясында оқу жүктемесі азайтылып, бұл үшін сыныпты ауыл оқушыларының топтарына бөлу енгізілген.

Топтарға бөлу қалалық мектеп оқушылары үшін де қарастырылған.

 

Сыныпты екі топқа бөлу қалалық жалпы білім беретін ұйымдарда сыныптарда білім алушылар саны 24 және одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар саны 20 және одан артық болғанда:

  • оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда қазақ тілі бойынша;
  • шетел тілі бойынша;
  • цифрлық сауаттылық бойынша (1 сыныптан басқа) бойынша жүзеге асырылады.

Білім беру ұйымдарында сыныптардағы білім алушылар саны қалалық жалпы білім беретін ұйымдарда сыныптарда білім алушылар саны 24 және одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар саны 20 және одан артық болған жағдайда, оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда орыс тілі бойынша сыныпты екі топқа бөлуге болады.

Құжатта сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда барлық оқу пәндері бойынша сыныпты топтарға бөлу бір сыныпта 15 білім алушыға дейінгі толымдылықпен жүргізілетіні жазылған.

Құжатпен АшықНҚА сайтында 14 қыркүйекке дейін танысуға болады.

 

Другие новости

Back to top button