Культура

Оны жақсы көрмеймін, аразбын. Бірақ мойындамасақ, бетбақтық болар еді. Ақселеу Сейдімбек Мағауин туралы

 

Бүгін қазақтың белгілі жазушысы Мұхтар Мағауин өмірден өтті. Артында өшпес мұра қалдырған жазушы жайлы кезінде замандастары пікір қалдырған. Өткенге бір шолу жасап көргенді жөн көрдік. 

Ол – сөз жоқ, дарынды адам. Ғажап стилист. Өзін онша жақсы көрмеймін. Мен оның өзімен аразбын.
Бірақ оның дарынымен араз емеспін. Мейірім қанып отырады оның жазғандарына. Менің жүрегімдегіні айтып жатса, ырза болмай қайтесің.
Оны мойындамасақ, бетбақтық болар еді. Мінезі оның өзімен бірге кетеді. Ал жазғандары халықтың игілігі болып қалады. Қазақ тарихына қатысты концептуальді кейбір ойлары тарих институтының да түсіне кірмейді. Оның жазғандарының ішінде жаман нәрсе бар деп айта алмаймын.

Бауыржан Омарұлының Ақселеу Сейдімбектен алған сұхбатынан
«Айқын» газеті, 3 тамыз 2006 жыл.

Мұхтар Мағауин, сөз жоқ, қа¬зіргі таңда қазақ халқының маңдайына басар ат төбеліндей ғана азаматтардың бірі. Ол кісі біздің білуімізше, өзінің рухани ішкі дүниесіне, дәлірек айтсақ, шығармашылық әлеміне, оқшау ой-толғамдарына басқа жұртты көп араластыра бермейді. Аралас¬тыр¬ғаны былай тұрсын, тіпті ашыл¬майды да. Содан да ол өзі¬нің шығармашылық зертхана құпиясын сұхбат арқылы жария етуге тіпті де құлықсыз. Міне өзін өзгелерден жеке ұстап, кісі киік болып жүретін ағамызға Мағауия, әйтеуір жол таба біліпті. Яғни бұл Мағауияның журналистік әбжілділігінен болса керек.
Әрине Мұхтар Мағауин көп- көп нәрсені көп жұрттан басқаша ойлап, басқаша қорытады. Оған талай рет көзіміз жеткен. Ол кісіні тыңдап отырсаңыз, Ресей империясы тұсында әбден айтыла- айтыла ойымыз бен бойымызды алып, қусырып қысып тастаған схемалар мен стереотиптердің тас- талқаны шығады.

Темірхан Медетбек, ақын, мемлекеттік сыйлықтың иегері.

Дереккөз: qaz365.kz

Другие новости

Back to top button