Спорт

Олимпиада: Ұлттық құрама формасын Қазақстан демеушілері қаржыландырып, Испания компаниясы тігетін болды

Бұл туралы мәжіліс кулуарында туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Форманың сапасы өте жоғары болады деп сенеміз. Неге десеңіздер, қаңтар айында үлкен комиссия құрылған. Ол комиссияның құрамында әлем чемпиондары, қоғам белсенділері жиналып, 25 адамнан құралды. Бірінші кезеңде 8 дизайнер қатысып, 6 форманы алып, бірақ дұрыс форма арасында болған жоқ. Сондықтан, екінші кезең болып, онда көрсеткен форма шықты, – дейді ол.

Маржықпаев киімді тігуге бюджет қаражаты жұмсалмайтынын айтады. Шетелден (Испания – кейін нақтылады) Joma деген компания тігетінін жеткізді. Нақты қанша сома кететінін де айта алмайды.

– 32 лицензия бар. 31 адам. 50-70 аралығында лицензия аламыз деген сенімдеміз. Сондықтан, соған қарай қаншама керектігін көреміз, – дейді ол.

“Неліктен киім шетелде тігіледі?” деген сөзге Маржықпаев “демеушілер қаражаты болғаннан кейін шетелде тігіледі” деп жауап берді.

Бұған дейін Спортты дамыту дирекциясында Қазақстан ұлттық құрамасының салтанатты және спорттық олимпиадалық нысаны жиынтығының дизайн тұжырымдамасын әзірлеуге жаңа конкурс жарияланды. Алдыңғы конкурсқа қатысушылардың бірде-бір эскизі комиссия мүшелеріне ұнамаған еді.

Другие новости

Back to top button