Культура
Нұрлан имам: Үйім жоқ, бала-шағаммен мешітте тұрамын

Заманауи бағыттағы уағыздарымен көптің жүрегін жаулаған имам Нұрлан Байжігітұлы үйі жоғын ашық айтты. Алайда имамға үй ұсынғандар да болған деп хабарлайды Caravan.kz .
Нұрлан Байжігітұлы көп балалы әке. Бүгінгі таңда 7 баланы тәрбиелеп отыр.
Журналистің бала-шағаны қалай асырап жатырсыз деген сауалына имам былай деп жауап берді.
«Ел бар, халық бар. Үйім жоқ. Бала-шағаммен мешіттің ішінде тұрамын. Балаларым қоғамдық көлікпен қатынап оқиды. Үй беремін дегендер болды. Оны қабыл алмадым. Себебі оның ар жағында мүдде бар. Мен жобаның проектісі болғым келмейді», – деп жауап берді имам Нұрлан Байжігітұлы.