Нур-Султан

Нұр-Сұлтанда ұйымдасқан қылмыстық топ қолға түсті

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

Нұр-Сұлтанда ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді.

Қалалық Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 3 мүшесін ұстады. Олардың ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі «Бұзақылық» бойынша қылмыстық қудалаудан жасырынғаны және Петропавл қаласында іздеу жарияланғаны анықталды.

«Күдіктілерді ұстау кезінде олар травматикалық патрондармен оқталған WALTHER, ОСА тапаншалармен, сондай-ақ суық қарумен қаруланғаны анықталды», — делінген Рolisia.kz таратқан хабарламада.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциясы 2 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 

Другие новости

Back to top button