Образование

Назарбаев зияткерлік мектебінде оқушы 5 жыл бойы қыздарды төсекке тартып, артынша фото-видеомен ақша бопсалаған

Астанадағы Назарбаев зияткерлік мектебінде шу шықты. Қоғам белсендісі Дина Таңсәрі Facebook-те 11 сынып оқушысының 5 жыл бойы қыздарды төсекке тартып, сол жағдайдың фото-видео жазбасымен ақша бопсалап келгенін жазды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жазбада мектеп оқушысы білім ордасының жатақханасында тұрғаны көрсетіледі. Әрі ол 5 жыл бойы қыздармен жыныстық қатынасқа түсіп, сол интимдік әрекетті фото-видеоға түсірген. Артынша әлгі қыз балаларын қорқытып, ақша бопсалапты.

“НЗМ чатында мектептен шығарылған оқушы мен оның ұстазы қызу талқылануда. Бір қызығы бұл жағдай бойынша ешкім полицияға шағымданбаған. Тіпті тексеру жұмыстарын да жүргізбепті. Тек оқудан шығарып жіберген, болды”, — дейді қоғам белсендісі жазбасында.

 

Фото: Дина Таңсәрі

Кейіннен тілшілеріміз Дина Таңсәрімен хабарласты. Ол ата-аналар арасындағы жазба скриншотын жіберді. Бірақ дәл осы хатты ұсынған әйел көп ұзамай хатты өшіріп тастағанын, тіпті бұл мәселе жөнінде жақ ашпайтынын да айтты.

Әлеуметтік желідегі қоғам белсендісінің жазбасына зияткерлік мектептің баспасөз қызметі де жауап берген. Ол оқушылар арасында 2 күн бұрын киберқорлау оқиғасы орын алғанына тоқталыпты.

“Екі күн бұрын мектепте оқушылар арасында киберқорлау (секстинг) оқиғасы анықталды. Осы екі күннің ішінде мектеп тарапынан қажетті шаралар жүргізілді. Нәтижесінде оқушы оқудан, мектеп қызметкері жұмыстан шығарылды. Кейіннен оқушылардан жоғарыдағы мәселе бойынша сауалнама алынды. Бірақ ешқандай факт тіркелмеді. Ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ақпарат шындыққа жанаспайды”, — делінген жауапта.

Другие новости

Back to top button