Недра Казахстана

Мұнайды Новороссийск арқылы экспорттауға шектеу жоқ – Каспий құбыр консорциумы

24 тамызда компания қондырғысына сүңгуірлік зерттеу жүргізілді

Каспий құбыр консорциумы қазақстандық мұнайды Новороссийск арқылы экспорттауға ешқандай шектеулер жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy консорциумның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«24 тамызда ШАҚ-3 конструкциясына сүңгуірлік зерттеу жүргізілді. Шығарылатын айлақ қондырғысының су асты жабдығы шектеусіз жұмыс істеуге жарамды деп танылды, бұл мұнай жөнелтушілердің қазіргі сұраныстарын орындауға мүмкіндік береді», — делінген бейсенбі күні хабарламада.

Қазіргі таңда зақымдалған қондырғыны ауыстыру үшін ШАҚ-1 конструкциясында дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Консорциумда резервте тұрған қондырғыларды ауыстыру бойынша қызмет көрсететін мердігерлерді алдын ала іріктеу аяқталды. Іріктеу жұмыстарына ресейлік және шетелдік компаниялар қатысты», — делінген хабарламада.

Другие новости

Back to top button